бір түбірлі сөздердің қайталана қолданылуы. Көркем әдебиетте тавтологияны көркемдеуіш, бейнелеуіш құралы ретінде пайдаланады. Мысал ретінде М.Мақатаевтың «Бақыт деген» атты өлеңінде «Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің», «Бақытыңмен, бақытым деп білмені» атты жолдарында бақыт сөзі бірнеше рет қайталанған. Десек те, бұл қайталау өлең жолдарын одан әрі әрлеп, әсемдеп тұр. Көркем әдебиетте тавтология нормадан ауытқу болмайды, ал ғылыми, публицистикалық, ресми стильдерде бұндай қайталаулар норманы бұзады.