ТАВТОЛОГИЯ

lat: Tavtologıa

[грек. tauto - дәл сондай, logos - ілім] зат.1. Бір айтылған ойдың, сөздің, сөз тіркестерінің қайталануы.

Әдебиетте тавтология көбіне үдемелі мағынаны арттыру үшін, салыстыру мақсатында қолданылады (ҚҰЭ).

Мақсатсыз тавтология сөз жүйесін бүлдіріп, мағынасыздыққа ұрындырады дебиеттану.).

2.филос. Өзара барабар ақиқатты заңдылық.

Дәстүрлі логикада тавтология- ұғымның анықтамасынан басқа сол ұғымдағы ойды басқа сөздермен қарапайым түрде қайталау (ҚҰЭ).

Кейде ұғымды анықтауда жіберілген логикалық қатені де тавтология деп атайды (ҚҰЭ).