Оттегі мол, бұлғанбаған ауа. Жұтайыншы елімнің таза ауасын, Сарайымды, санамды тазаласын. Жасырмайын аяздан дидарымды, Жазаласын жарықтық, мазаласын (1,178). Ой дейтін ой болсашы мазалаған, Апыр-ау, ол не мені жазалаған?! Нәр алып мен де еркіммен жүргем жоқ па, Еркімен осы ел жұтқан таза ауадан?! (1,187).