Тазалағыш құралдар.

lat: Tazalaǵysh quraldar.

Ыдыс-аяқ, ванналар және т.б. тазалау үшін қолданылатын әp алуан заттектер. Т а з а л а ғ ы ш қ ұ р а л д а р д ы ң негізі фосфаттар мен тензидтер, сондай-ақ құрамында формальдегид, натрий гипохлориді, хлор қосылыстары және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз емес басқа да заттектер бар зарарсыздандырғыш құралдар болып табыладыаз. тілі термин. Экология). Т а з а л а ғ ы ш қ ұ р а л д а р д ы қолдану тұрмыстық ақаба сулар сапасының өзгеруінің, олардың құрамындағы органикалық заттекті ыдырататын микроорганизмдердің жаншылуының негізгі себептерінің бірі болып отыраз. тілі термин. Экология).