Теңіз геоморфологиясы

lat: Teńiz geomorfologıasy

Мұхит пен теңіз түбінің құрылысын және дамуын зерттейтін ғылым.

Теңіз геоморфологиясында үш негізгі бағыт айқындалады: 1) жер қыртысының құрылымды геологиясы және жердің геотектоникалық дамуын зерттеуге байланысты түп бедерінің ірі элементтерімен айналысу; 2) жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерді зерттеу; 3) мұнай және шашыранды кендерді іздеуге, су асты коммуникациялық құрылыстарын жобалауға, балық кәсіпшілігіне байланысты қалыптасқан қолданбалы (ҚҰЭ).