Теңіз капустасы

lat: Teńiz kapýstasy

б о т. Теңіз қырыққабаты (Тынық, Охот, Ақ және Баренц теңіздерінде болатын қоңыр түсті теңіз балдырлары).

Теңіз капустасы ұсақталып туралған құрғақ балдыр немесе порошок түрінде сатылады (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).

Теңіз капустасының құрамында углевод, органикалық қышқылдар, минералдық заттар және әртүрлі витаминдер (А, С және В тобындағылар) болады («Шаңырақ» энц.).