lat: Teńiz shógindileri
Теңіз бен мұхит түбіне жиылған тұнбалар.
Теңіз шөгінділері аталымы тар ауқымда – тек жеке теңіз шөгінділері мағынасында және кең ауқымды – бүкіл дүниежүзілік мұхит шөгінділеріне қатысты (мұхит шөгінділері) қолданылады (Қаз. тілі термин. Су.).
Теңіз шөгінділері – 1) теңіздер мен мұхиттардың түбіне шөккен материктік шөгінділер; 2) организмдер қалдықтарының шоғырлануынан пайда болған органогендік шөгінділер;3) судағы әртүрлі тұздардың шөгуінен пайда болған химиялық шөгінділер (Физика. география).