Теңіз толқындары

lat: Teńiz tolqyndary

Теңіздер мен мұхиттардағы сулы ортаның тербелісті қозғалысы.

Теңіз толқындары Ай мен Күннің су деңгейін көтеру күшінен, жел, атмосфералық қысым, теңіз түбінің сілкінуі, жанартау атқылауынан пайда болады. Қалыптасуына қарай көтерілу толқындары, жел толқындары, теңселме толқындар, соқпа толқындар, сейсмикалық (Цунами) толқындар т.б. болып бөлінеді (ҚҰЭ).