lat: Teatr dekorasıa óneri
т е а т р. Декорация, киім-кешек, әртүрлі жарықтар мен қойылымдық техника арқылы спектакльдің бейнелі де көркем образын жасау өнері; сахналық безендіру өнері.
20 ғасырда театр декорация өнерінің сахналық техникасы (синтетикалық материалдарды, фото мен кино проекцияларды және күрделі жарық беру құралдарын, т.б. пайдалану) күрт өсті. 1960 жылдары “сахнадан тыс” декорация мен сахна-аренаға көп көңіл бөлінді (ҚҰЭ).