ХV-ХVІІ ғғ. Еуропа аймағында пайда болған техногендік қоғамдар. Оның даму жылдамдығы өте жоғары. Негізгі қабылданған ережелерді жаңа түрде құрастыру мен жаңаландыру қабілеті жоғары жəне осы бəрі оның дамуының ішкі негізі болады. Негізгі құндылықтарға инновация мен жаналық жатады. Техногендік қоғамның бейнесі - Гиннес рекордтары туралы кітап. Техногендік қоғамның мəдениет матрицасы үш кезенен өтеді: индустриалдыға дейін, индустриалды, постиндустриалды. Негізгі қасиеті - техника мен технологияның дамуы. Техногедік қоғамның өмірлік уақыты - 300 жыл. Өзінің ішкі мəнінде ол агрессивті жəне мəдениеттің сакраменталды дəстүрін жояды. Дамудың техногендік типі - табиғи қоршаған ортаның тез өзгеруі жəне адамдардың қоғамдық қатысының трансформациясы. Сыртқы əлем адамның қызмет аренасына айналады. Адам - орталық, белсенді іс-əрекетті жан, ол өзінің іс-əрекетін сыртқа бағыттайды. Жалпы мəдени қатынастар «күш» категориясы арқылы анықталынады - өндірістік күш, білім күші, интеллектуалды күш.