Тежелу

lat: Tejelý

қозу процесін бəсеңдететін немесе тудырмайтын шектеуші нервтік процесс. Оның ерекшелігі нерв құрылымдарында белсенді түрде таралмауында. Тежегіш нейрондардан таралған импульстер постсинапстық мембрананы гиперполяризациялап, тежегіш постсинапстық потенциал (ТПСП) тудырады. Тежелудің бірнеше түрі болады, олар: қайтарымды (антидромды), бөгеу, жіктеу, шектеу, шартсыз, ішкі, сыртқы, пресинапстық, постсинапстық, орайлас (реципрокты), өшу т.б.