Тектоникалық жарылым

lat: Tektonıkalyq jarylym

г е о л. Тау жыныстарының тектоникалық қозғалыстары мен деформациялары нәтижесінде жер қыртысында пайда болған жарықшақтар. 

Тау жыныстарының бұл кездегі бөлектенген массиві тектоникалық жарылымның қанаттарын құрайды; көлбеу жарылымдарда жатқан қалыптағы қанат, төселмелі жарылым және жарылымды жабатын аспалы қанатты түрлерін ажыратады (ҚҰЭ).