Тел өскен

lat: Tel ósken

Қатар, бірге өмір сүрген.

Бұл сүйген жардан, тел өскен бауырдан, бірге оқыған жолдастан айырылған Хакім еді (X.Есенжанов, Ақ Жайық).

Әйтеуір бір туысқандық сезім билеп, ағасын көз алдына қайта-қайта келтіре берді. Оның өзімен тел өскен, мектепте екі-үш класс бұрын оқыған кездерін еске алды (С.Бақбергенов, Кентау).