Телефон соғу, телефон шалу, звандау, телефондау

lat: Telefon soǵý, telefon shalý, zvandaý, telefondaý

Телефон арқылы сөйлесу. Бір тығыз жұмыс болып қалып, телефон соқпастан келіп қалдым (С. Бегалин). Майлыбаев күн жылылығын білмек боп, Кузьменкоға телефон шалды (К. Тоқаев). Түнде көкең звандады, облыста шаруалары бітпей қалса, бүгін мұнда келмей қалуы да мүмкін (Ә.Тарази). Бір күні Күләш телефондады, даусында әбден шаршаған адамның белгісі бар (Қ. Байсейітов).