lat: Telefon soǵý, telefon shalý, zvandaý, telefondaý sóıl.
Теле- фон арқылы сөйлесу.
Бір тығыз жұмыс болып қалып, телефон соқпастан келіп қалдым (С. Бегалин).
Майлыбаев күн жылылығын білмек боп, Кузьменкоға телефон шалды (К. Тоқаев).
Түнде кәкең звандады, облыста шаруалары бітпей қалса, бүгін мұнда келмей қалуы да мүмкін (Ә. Тарази).
Бір күні Күләш телефондады, даусында әбден шаршаған адамның белгісі бар (Қ. Байсейітов).