lat: Telegrafıa
з а т. Ғылым мен техниканың телеграф сигналдарын тарату әдістері мен оларды жүзеге асыратын құрылғыларды жасау, телеграф байланысын құру принциптерінің және телеграф арнасымен таратылған ақпараттың сапасын бағалау мәселелерімен шұғылданатын саласы.
Атқаратын міндеттеріне байланысты телеграфия ғылыми-техникалық пән ретінде келесі бөлімдерден құралады: телеграфтық кодтар (тарату кезінде әріпті-цифрлық ақпаратты электрлік сигналдарымен үйлесімді ұтымды түрлендіру және қабылдау кезінде оны кері түрлендіру); шеткі телеграфтық аппаратуралар (телеграф аппараттарын, трансмиттерлерді реперфораторларды құру принциптері, сигналдарды тарату және қабылдау әдістері, электронды аппаратураларды жасау) Т.б. (ҚҰЭ).