lat: Telekomýnıkasıa
з а т. Ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы.
Телекоммуникация электрбайланыс және компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықты оптикалы байланыс кабелі, радио, ЖЖС, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады (ҚҰЭ).
Қазақтелеком акционерлік қоғамы телекоммуникация саласын ырықтандыруға орай халықаралық байланысқа қатысты тарифтерді [ ] 36 пайызға төмендету жөнінде ниет білдіріп отырғанын мәлімдейді («Егемен Қазақстан»).