Темекі дорба

lat: Temeki dorba.

Темекі салатын кішкентай қалта. Балағы сирағының ортасынан келетін кәлтекей шалбарының қалтасынан қара шүберек т е м е к і  д о р б а с ы н алды (Н.Нәжімеденов, Ақ шағыл). Қарт сөзін аяқтап, қалтасынан т е м е к і  д о р б а с ы н алды да, шиыршықтап темекі орай бастады (Ақ бидай).