lat: Temirjol tarıfi
Теміржол көлігімен жүк, жолаушы, жолжүк және пошта тасымалдау, сондай-ақ жүк тиеу-түсіру жұмыстары құнының ақшалай көрсеткіші.
Тұтыным бағасы теміржол тарифіне тәуелді болатындықтан елдегі материалдық өндіріс салалары мен кәсіпорындардың экономикалық жағдайына да, оларда өндірілген өнімді тұтынатын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да үлкен әсер етеді (ҚҰЭ).