Теология

lat: Teologıa

(гр.theos құдай+ logos ілім) Құдай туралы діни ілім, дінтану. Ол қасиетті мәтіндерге (Інжіл, Құран) және оларды философиялық мағыналауға негізделген.Сөйтсе де философия «дін қызметшісі» қалпында қалады. Дінтанудың басты тақырыптары Құдай, адам, құтқару, әлем, эсхатология(«ақырзаман»).Теологияда ақыл сондай маңызды емес сенім, наным маңызды.Дегенмен кейде ақылға да көңіл бөлінеді.Теологияның мазмұны тұрақты деп есептеледі.Бірақ жеке философтарда әртүрлі көзқарастар бар (мыс.,Ф.Аквинский А.Августин).