Теория

lat: Teorıa

р е к. theorіa] з а т. Практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және соларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.

Теория кең мағынада алғандаез келген құбылысты түсіндіру үшін жинақталған идеялардың, көзқарастардың жиынтығы; тар мағынада, құбылыстың, заңдылықтардың байланыстарын жан-жақты көрсету үшін пайда болған ғылыми білімнің, жоғары түрдегі ұйымдасқан түрі (Әлеуметтану. түсінд. сөзд.).

Европада үлкен масштабта жүргізілген сауда, онымен байланысты ақша есептері, теңізде, мұхитта жүзуге лайықты кемелер жасау, практикалық тәжірибені ғылымдық теориямен ұштастыру оқу құралдарын жасауды керек етті, бұл әсіресе Италияда мығым болды (О.Жәутіков, Жаратылыстану.).