lat: Terasa
з а т. с у ш а р. 1. Өзен аңғарларының беткейлеріндегі, көлдер мен теңіздер жағаларындағы жоғарыдан және төменнен кертпешелермен шектелген, көлбеу не біршама еңіс жайпақ алаңдар.
Әртекті тектоникалық көтерілімдер климаттың ауытқулары мен су деңгейінің өзгерулері аясында ағын судың (өзен террасы) несуқоймалар толқындарының әрекетінен (көл және теңіз террасылары) қалыптасады (Қаз. тілі термин. Геология).
2. Өзен аңғарларының беткейіндегі, көлдер мен теңіздердің жағасындағы, тау беткейіндегі сатыланып орналасқан горизонталь жер бедері.
Терраса су әрекетінің нәтижесінде пайда болады (Физика. география).
Тауаралық ойыстардағы малтатастан құралған төменгі және ортаңғы террасалары, субаэралдық атыраулардың малтатастардан құралған жоғарғы бөліктері, дамуы жетілмеген ысырынды конустар осы топтан орын алады (К.Сапарбайұлы, Геология.).