Тергеу әрекеттері

lat: Tergeý áreketteri

з а ң. Қылмысты ашу үшін дәлелдеме жинау мақсатында жүргізілетін әрекеттер.

Тергеу әрекеттеріне оқиға болған жерді қарау, куәландыру, жауап алу, беттестіру, тінту, алу, хат-хабарды тұтқындау, хабарды желіден ұстау, сөйлесулерді тыңдау, танытуға ұсыну, эксгумация (адам мәйітін жерленген жерінен қазып алу), тергеу эксперименті т.б. жатады (ҚҰЭ).