Термиялық өңдеу

lat: Termıaályq óńdeý

Материалдардың (металдар мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдардың) құрылымы мен қасиеттерін қажетті бағытта өзгерту мақсатында қолданылатын жылу әсерінің жиынтығы.

Металдарды термиялық өңдеу ерте заманнан қолданылып келген, бірақ оның теориялық негізін 19 ғ-дың 2-жартысында Ресей ғалымы Д.К.Чернов (1839–1921) қалады (ҚҰЭ).