(лат. termіnus – шекара, шегі, термин) – арнайы ғылыми мағнаны анықтайтын сөз, немесе сөз тіркесі. Терминге тән қасиет – бірмағналық (моносемия, грек. monos – бір, біреу; semeіon – белгі). Терминнің қазақша баламасы – атауыш. Атауыш ғылыми түсінігінің мәні анықтауыш (лат.defіnіtіo– анықтауыш) арқылы анықталады. Ғылыми терминдердің, оның ішінде ветеринарлық терминдердің көзі – латын және көне грек тілдері. Бұл тілдер 2000 жылдан астам мерзім ішінде сөйлеу тілі ретінде өздерінің маңызын жоғалтқан. Латын және көне грек тілдерінің әр бір сөздері бірмағналық ойды айқындап, халықаралық ғылыми терминге немесе номенклатура атауларына айналады.