lat: Termındik maǵyna
л и н г в. Ғылым, техника, өнер саласында қолданылатын арнаулы сөздердің лексикалық мағынасы.
Терминдік мағына ғылым, техника, өнер саласындағы «таза» ұғымдармен сәйкес келіп, соларды білдірумен шектеледі. Онда ауыс мағына, эмоционалды-экспрессивті күрделенген мағына болмайды (Қаз. тілі энцикл.).