lat: Termınologıa
[л а т. terminus – Шек, logos – ілімі] з а т. Ғылымның, техниканың, өндірістің, өнердің, қоғамдық өмірдің, шаруашылықтың сан-саласында арнайы ұғымдар мен нақты объектілерді атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы.
Социалистік ұлттардың даму процесінде, олардың өзара қатынасында саясат, мәдениет, ғылым, техника, өнер саласындағы ұғымдарға байланысты интернационалдық терминология қалыптасады («Қазақст.мект.»).
Қазақ тілінің ғылыми терминологиясы әлі толығып және айқындалып болған жоқ (С.Мұқанов, Халық мұрасы).