[terminus және logos – сөз ілімі] з а т. Ғылымның, техниканың, өндірістің, өнердің, қоғамдық өмірдің, шаруашылықтың сан-саласында арнайы ұғымдар мен нақты объектілерді атау үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің жиынтығы. Социалистік ұлттардың даму процесінде, олардың өзара қатынасында саясат, мәдениет, ғылым, техника, өнер саласындағы ұғымдарға байланысты интернационалдық т е р м и н о л о г и я қалыптасады («Қазақст. мект.»). Бұл ғылымның дамуының бағыт-бағдары айқындалып, өзіндік т е р м и н о л о г и я с ы қалыптаса бастады («Білім және еңбек»). Қазақ тілінің ғылыми т е р м и н о л о г и я с ы әлі толығып және айқындалып болған жоқ (С.Мұқанов, Халық мұрасы).