lat: Termınologıalyq sózdik
л и н г в. Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника, өнер саласындағы арнаулы атаулардың сөздігі.
Қазір отызға жуық осындай үлкенді-кішілі терминологиялық сөздіктер шығып, оларға лингвистика, әдебиеттану, музыка, металлургия өнеркәсібі, тау-кен ісі, физикалық география, математика, физика, астрономия, геология, юриспруденция, педагогика, психология, медицина, іс жүргізу, экономика, философия, спорт, құрылыс және құрылыс материалдары, ботаника және топырақтану, теміржол қатынасы, биология, химия, археология, механика мен мәшине, мал дәрігерлік, әлеуметтікэкономикалық, анатомиялық, өсімдіктер физиологиясы мен биохимиясы, қоғамдық-саяси ғылымдарының терминдері енгізілді (Қаз. тілі энцикл.).