Тестілеу

lat: TestİLEÝ

з а т. п е д. Белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер (тестілер) пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі.

Тестілеу индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т.б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді (Қаз. тілі термин. Педагогика).

Әрине, тестілеу процестері төңірегінде көп сын айтуға болады, тіпті мұны түбі жоқ, таусылмайтын тақырып десек те қателеспейміз («Қаз. әдеб.»).