ТЕСТІЛЕУ

lat: TestİLEÝ

Белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер (тестілер) пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандартты өлшеу үшін қолданылады.

Тестілеудің негізгі үш саласы бар: а) білім беру оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенуіне байланысты;

ә) кәсіби даярлық және іріктеу өндірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделенуіне байланысты;

б) психологиялық консультация социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты.

Тестілеу индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т.б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді.

Тестілеу процесін үш кезеңге бөлуге болады: 1) тестіні таңдау (тестілеудің мақсатымен және тестінің дұрыстығы мен сенімділік дәрежесімен анықталады); 2) оны өткізу (тестіге берілген нұсқаумен анықталады); 3) нәтижелерді пайымдау (тестілеудің пәніне қатысты теориялық рауалықтар жүйесімен анықталады). Үш кезеңнің үшеуінде де білікті психологтың қатысуы қажет.