Тестостерон

lat: Testosteron

Омыртқалыларда ұрық безінен, сонымен қатар бүйрек үсті безінен, жыныс безінен, плацентадан жəне бауырдан бөлінетін аталық жыныс гормоны. Тестостерон жыныс дифференциациясының репродуктивті мүшелер ретінде анықтай отырып пренатальді кезеңде белсенді түрде секреттеледі. Онтогенез барысында аталық жыныс мүшелерінің, екінші жыныс белгілерінің дамуына қатысады, сперматогенезді жəне жыныстық құбылыстарды реттейді. Аналық особьтарда жыныс безінен өндірілетін тестостерон сүт бездерінің дамуын қамтамасыз етеді. Тестостерон түрлі ұлпалар мен мүшелерге анаболитикалық əсер етеді. Тестостерон химиялық табиғаты жағынан стероид. Тестостерон секрециясы мен синтезі лютеиндеуші жəне фолликуластимулдаушы гормонмен реттеледі. Тестостерон секрециясы мезгілдік жəне жастық өзгерістерге ұшырайды. Еркектерде қан плазмасындағы концентрациясы 0,5-0,9 мкг/100 мл, əйелдерде 0,12 мкг/100 мл тең. Ересек адамның организмінде тəулігіне 15 мг шамасында тестостерон түзіледі. Тестостерон нысана мүшелерге тасымалдайтын белокпен байланысты. Организмде жиналмайды, андростеронға жəне т.б. метаболизденеді. Зəрмен бөлінетін 17 кетастероидтар. Тестостерон бөліктері эстрогендерге айналады. Тестостерон жəне оның синтетикалық ұқсастары (мысалы, метилтестостерон) медицинада қолданылады.