Тезірек, тездеу, жылдамырақ, шапшаңырақ, жылдамдау, шапшаңдау

lat: Tezirek, tezdeý, jyldamyraq, shapshańyraq, jyldamdaý, shap- shańdaý.

Тезденіңкіреп, жылдамдатыңқырап.

Елшілікке барғандар болыстың әлгі сөзінен кейін ауылға тезірек жетіп, жолаушыларды құтқаруға асыққан екен (Н. Оразов).

Бермейік бұл дастанға тездеу шешім, Досгарым Алмабекпен кездесесің (Т. Молдағалиев).

Жанар жылдамырақ басып ілгері кетті, жастарға қосылды (К. Қазыбаев).

Мақсат шапгиаңырақ басып, алда келе жатқандарды куып жетті (С. Сарғасқаев).

Олар аяқтарын жылдамдау басып, пулеметке асылғанға жетіп келді (С. Мұқанов).

Тұлпардың шабысы тым шапшаңдау екен (К. Тоқаев).