Тігіс

lat: Tigis

з а т. 1. Киімді, басқа да затты қайып, тепшіп, жөрмеп т.б. тігу тәсілі, тігу ісі.

Тепшу бұл ең көп қолданылатын тігіс (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

2. Киімнің тігілген жері.

Оның әр жерінің тігісі сөгіле бастаған (Б.Қыдырбекұлы, Ешкім.).

Жел ұйытқып кеп соққанда брезентті жапырақша қалтыратып, тігісін сөкті де жіберді (А.Жақсыбаев, Менің дос.).