Тігісін жатқызды [білдірмеді]

lat: Tigisin jatqyzdy [bildirmedi]

Болған ерсі жайдың жай-жапсарын жуыпшайды, әшкере етпеуге тырысты.

Тігісін жатқызып жағдайды айттық, жасырдық, жұқаладық (Б.Нұржекеев, Күй толғақ).

Өзі де ортақ жайға қаныққансын жан баласына тігісін білдірмеуге тырысады, деп ойлады Боқан (М.Сүндетов, Ескексіз.).