Тіл білімі

lat: Til bilimi

л и н г в. Әлем тілдерінің құрылысын, әлеуметтік қызметін және тарихи дамуын, адамзаттың табиғи тілін, оның жалпы заңдылықтарын, қолданылуын және адам қоғамын зерттейтін гуманитарлық ғылым саласы.

Егер бір нақты тілдің (мыс. қазақ, орыс) немесе туыстас тілдердің (мыс. алтай, түркі, үнді еуропа) фактілерін зерттеу мақсатын қойса, бұл жеке тіл білімінің үлесіне тиеді, ал жалпы адам баласының тілдік мәні мен құрылысын, тіл элементтерінің өзара қатысын, тілдің даму себептері мен бағыттарын және т.б. тілдік проблемалар қамтылса, бұл жалпы тіл білімінің зерттеу объектісі болып табылады (Қазақ тілі. энцикл.).

Қазақ тіл білімі ... қазақ тілінің тарихы, қазіргі жайы туралы ғылым, түркология ғылымының бір саласы (Ғ.Қалиев, Тіл білімі термин.).