Тіл білімінің тарихы

lat: Til biliminiń tarıhy

л и н г в. Тіл білімі тарихы б.з.д. 3–2 мыңжылдықта жазудың пайда болуына байланысты оны үйренуге қажеттілік туған кезден басталады [Алғашқы тілдік деректер Месопотамиядағы шумер тілінен басталып, Ежелгі Үндістан, Қытай, Грек тіл білімдеріне келіп тіреледі. Тіл білімінде бірте-бірте тілдер туыстығы жөнінде білім (М.Қашқари, Ю.Скалигер, Г.Ленц т.б.) жинала бастайды, тілдерді салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы зерттеумен байланысты жалпы тіл білімінің негізі салынады (В. фон Гумбольдт). Тіл білімінде логикалық, психологиялық, натуралистік, эстетикалық, жас грамматизм бағыттары пайда болды, тілдік теориялар ұсынған көптеген тілдік мектептер қалыптасты].