lat: Til saıasaty
Қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін белгілейтін идеологиялық қағидаттар мен шаралар жиынтығы.
Тіл саясаты – тілдік дамуға қоғамның саналы ықпал етуінің теориясы мен тәжірибесі, яғни қолданыстағы тілдерді белгілі бір мақсатта және ғылыми негізде басқару және тілдік жаңа қарым-қатынас құралдарын жасау болып табылады (Саяси түсіндірме сөздік).
Сондықтан мемлекеттік билік орындары тіл саясатын жүзеге асыруда қоғамдық ұйымдармен, саяси партиялармен, мәдениеттік және азаматтық қозғалыстармен кеңінен ықпалдасудың мүмкіндіктері мен жолдарын жан-жақты қарастырулары шарт (Ә.Кекілбаев, Үш белес).