lat: Tildiń shyǵýy
л и н г в. Адамзат қоғамының пайда болуымен байланысты алғашқы адамдардың сөйлеу мүшелерімен дыбыстарды бірінен соң бірін ажырата айтуы арқылы қарым-қатынас қажеттілігінің өтелуі.
Тіл қоғамда пайда болды, оны дамытатын – қоғам, халық. Тілсіз қоғам, қоғамнан тыс тіл болмайды. Тілдің шығуы практикалық қызмет үстіндегі көрнекі ойлаумен тығыз байланысты, өмір сүру үшін күрес, еңбек процесінде, практикалық мәселені шешу үстінде пайда болды (Қазақ тілі. ýнцикл.).