Тілдік акустика

lat: Tildik akýstıka

л и н г в. Дыбыстардың жасалуы мен олардың естілуін, дыбыстық белгілерді, сондай-ақ дыбыс құрылыстарын және оларды танып білетін қондырғыларды жасайтын жалпы акустиканың бөлімі.

Тілдік акустиканың негізін салған Ф.Гельмгольц болды. Ғалым кезінде резонаторлар теориясын ұсынған болатын. Осы теорияны әрі қарай Ц.Тибла мен М.Кадзияма дамытты (Қазақ тілі. энцикл.).