lat: Tiri
с ы н. 1. Жаны бар, тіршілік етуші.
Тірі адам тіршілік тепкісінде күннен-күнге пісіп қата береді (I.Жансүгіров, Шығ.).
Базекең тірі екен-ау! (М.Әуезов, Абай жолы).
Әңгіме Бақытжан туралы еді. Бар екен ғой, тірі екен ғой (М.Дүйсенов, Гүлжан.).
2. Өмірде бар, өмір сүріп жүрген.
– Сіз туысы болсаңыз, Әлия Молдағұлова тірі, – деп өте ақырын дауыспен жауап берді (Ж.Жұмақанов, Әлия).
Жоқ, Қаракөз ол Үрмәшті ұмытпайды! Үрмәш өлгенмен, оның жүрегінде мәңгі тірі (Ә.Әлішев, Батыр.).