lat: Tistiń móri
в е т. Тістің жұлар бетіндегі шұңғылдау келген өңезді, қақты бедер өрнегі.
Қазақтар осы маңдай тістің жұлар бетіндегі шұңғылдау келген өңезді, қақты бедер өрнегін «тістің мөрі» деп атап, тіс мөрінің өзгеріп, құбылуына қарап, жылқының ары қарайғы жасын, яғни 12-ге дейінгісін оңай айырады (Ата салтыңды аяла.).
Қазақтар 5–11 жас аралығында тіс көзі мұқалмаған дөңгелек мөрлі, 12–18 жаста сопақ, 18–25 жаста үшбұрыш мөрлі деп атайды (Ә.Жанәбілов, Шығ.).