lat: Tizde
е т. Шөгіп жатқан түйені тұрып кетпеу үшін алдыңғы аяғының біреуін не екеуін кейде төрт аяғын тізесінен астына қарай бүктіріп байлау.
Сыртында белдеуге байлаулы тұрған ерттеулі ат, есіктің алдында шөгеріп, тіздеп тастаған түйе көрінеді (Б.Қыдырбекұлы, Мазда.).
Жүндейтін түйені алдымен шөгеріп, төрт аяғын бірдей тіздейді (Х.Арғынбаев, Қаз. этногр.).