Тізелі

lat: Tizeli

з а т. 1. Адамның, малдың тізетұсы (мөлшер).

Жатса-тұрса көз алдында, тізелі кен жаңа асқан жүгері сабақтары, масаты кілемдей құлпырған жасыл алқап (З.Шүкіров, Ізгілік.).

Көшесі тізеліктен келетін май топырақ, кілкіген шаң (Д.Досжанов, Кісі.).

2. Шалбардың тізе тұсы.

Көпшілігі жұпыны киінген. Тізелігі мен шынтағы жамаулы (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).

3. ә с к. Жауынгердің тізесін қорғайтын жарақ [10–12 ғасырларға жататын тізеліктің бір нұсқасы қыпшақ обаларынан табылған].

Бейнелеу өнері материалдары тізеліктің киімге тігіліп немесе тізеге байланатынын көрсетеді (ҚҰЭ).