lat: Tizim
з а т. 1. Адамның, мал-мүлік, дүниенің қағаз бетіне рет-ретімен жазылған аты.
– Бір күні сайлаушылардың тізімін қарап отырсақ, Анна Николаева деген әйелдің туған жылы 1827 екен (С.Мұқанов, Саяхаттар).
Үй ішіндегі нәрселерді ортаға үйіп тастап, тізім жасап жатыр (Ж.Молдағалиев, Айналайын.).
2. и н ф. <ағыл. list> а) Объектілер тізімі;
ә) Өзара логикалық түрде байланысқан жазбалар тізбегі (тізім элементтері) болып саналатын мәліметтер құрылымы; реттелген жиын элементтері немесе мәліметтердің құрамды түзілістері болып саналатын мәліметтер түзілісі;
б) Оң жақ шетінде бағыттауыш жебелігі (б) бар, берілген мәліметтер тізбесінен олардың бір (немесе бірнеше) нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік беретін терезе элементі.
Тізім көп элементті құрылымнан тұрады, оның кез келгенін қалауымызша таңдай беруге болады, оған элементтер қосуға немесе қысқартуға да мүмкіндік бар (Қаз. тілі термин. Информатика.).