lat: Toksıkologıa
[г р е к. toxіkon – у, logos –ілім] Медицинаның удың қасиеттерін, ағзаға тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін саласы.
Токсикологияның бірнеше салалары бар. Мысалы, әртүрлі жануарлар мен өсімдіктердің химиялық заттарға қайтаратын жауабының ерекшеліктерін салыстырмалы токсикология; ал ауылшаруашылық жануарлары мен кәсіптік аңдардағы осындай ерекшеліктерді ветеринарлық токсикология зерттейді (ҚҰЭ).