Толық тұтылу

lat: Tolyq tutylý

Күннің немесе Айдың толығымен көрінбей қалу құбылысы.

Күн толық тұтылған уақытта Айдан түскен көлеңке Жерді ені 270 километрдей қара лентамен орағандай болады да, Күннің мұндай толық тұтылуы 2–3 минутқа, кейде 8 минутқа дейін созылып, батыстан шығысқа қарай ауысады. Күннің жартылай тұтылуы 1–2 сағатқа дейін созылса, Айдың толық тұтылуы 3–3,5 сағатқа дейін барады (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін тур.).