lat: Tomat pastasy
т а м а қ. Піскен қызанақтан жасалатын өнім [Қызанақты 6–8 рет қайнатып, қаңылтыр немесе шыны банкаларға, құты немесе кеспекке салып, тұз сеуіп, бетін саңылау қалмайтындай етіп мұқият жабады.
Томат пастасының құрамында 30% құрғақ зат, ал неғұрлым құнарлысының құрамында 35–40% құрғақ зат болады. Құрамында 30% құрғақ заты бар томат-пастада орта есеппен 19% қант, 2,5% органикалық қышқыл, 60 мг % С витамині және 2 мг % каротин (А витаминінің негіздері) бар ] Томат пастасы тұздық, борщ, жарма мен көкөніс сорпасын, еттен, балықтан, көкөністен қою және жеңіл тамақтар дайындауға қолданылады (Қаз. тілі термин. Тамақ.).