Топ, сап, лек, группа

lat: Top, sap, lek, grýppa

Бірнеше адамның басы қосылған жиын, тізбек.

Ол тынымсыз болған сайын Бақтығұл тобы бұрынғы адал, тыныш еңбектен айрыла берді (М. Әуезов).

Бау-бақшалыққа алғаш шығырмен су айдағандардың сапында Қали қарт та бар екен (М. Сатыбалдиев).

Оның сөзін әншіге екпіндете қосыла шыққан жүздеген лектің даусы бөліп жіберді (Б. Момышұлы).

Асығыс шаруасы бар екен, онда ертеңгі тапсыратын группаға неге қоспайды, - деді Гүлжан (М. Дүйсенов).