lat: Topografıalyq karta
ә с к. Шартты белгілермен барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жақты бейнелеу.
Топографиялық картада жергілікті жер шартты белгілермен белгіленеді (Қаз. тілі термин. Әскери.).
Топографиялық картада жер беті мен онда орналасқан табиғи және әлеум.экон. нысандар: геодез. белгілер, елді мекендер, құрылыстар, жекелеген кәсіпорындар, теміржол, автомобиль жолдары, құбыр және электр желілері, саяси-әкімшілік шекара, гидрографиялық тор және ыза сулардың көзі, өсімдік, топырақ жамылғысы, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер, жергілікті жер бедері, мұздық, жанартау, т.б. толық түсіріледі (ҚҰЭ).